Кәсіпкерлерге қойылатын 170-ке жуық талап күшін жояды

48
фото Орталық

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге қойылатын 170-ке жуық талап күшін жояды. 2021 жылғы 30 желтоқсанда мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойған болатын, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің телеграм каналында.

Осы орайда ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» ҰКП, сарапшылар және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, АӨК саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің жаңа базалық тәсілдерге сәйкестігіне талдау жүргізді.
«Жұмыс 7 бағыт: ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, тұқым шаруашылығы, астық нарығы, органикалық және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жер қатынастары және мал шаруашылығы бойынша жүргізілді. Тексеру және бағалау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын 170-ке жуық талаптың, оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі 50 талаптың және ветеринария саласындағы 80 талаптың күшін жою және қайта қарау туралы шешім қабылданды»,- деп хабарлайды ведомство.