Шымкентте “Менің гүлді аулам” конкурсы басталды

107

Шымкентте “Менің гүлді аулам” атты конкурс бастау алды. Бұл жарыста көпқабатты үй тұрғындары өз аулаларын гүлдермен безендіріп, сынға түседі.

Жеңімпаздар ауласын таза ұстау, гүлдер егу, абаттандыру, ерекше дизайнда безендірулер жасағанына қарай 10 критерий бойынша анықталады. Сондай-ақ, аумақта атқарылған жұмыстар бойынша презентация және әлеуметтік бейнеролик жасауы керек. Жеңген ауда тұрғындарына қомақты қаржылай сыйлық қарастырылған.

Атап айтқанда, 1 орын иегеріне – 3 млн, 2 орынға 1 млн, ал 3 орынға 500 мың теңге беріледі. 1 қазаннан басталған жарыс жеңімпазы 2023 жылдың сәуір айында жарияланады. Жарысқа қатысу үшін өтінімді “visit-shymkent.kz” сайтынан беруге болады.