Жолдауды таныстыру және оны іске асыру шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

37
фото Отырар
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кестесіне сәйкес әлеуметтік орталық қызметкерлерінің, яғни бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің басшысы Ешенқұлов Нұрғали, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсетова Әсел және орталықтың 30-дан астам қызметкері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру және оны іске асыру шаралары жөнінде айтылып, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атқарған жұмыстары туралы есеп беріліп, «Әлеуметтік қызметкерлер күні» және «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекелеріне орай, қызметкерлерге марапаттарды тапсыру салтанаты өтті.
Кездесуде сөз алған Жарқынбек Айдарбекұлы Жолдау бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, орталықтың кәсіподақ комитетінің төрайымы Әсел Әсетқызы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы жоспармен таныстырды.
Жиын соңында орталықтың белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырылды. Атап айтқанда: «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсетова Әсел Әсетқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің есепшісі Алпайтахова Ханзада Шалхарбайқызы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мейірбикесі Кемелбекова Күлжан Оңалбекқызы марапатталды.