«Қазақтелеком» 39 млрд. 500 млн. теңгені дивиденд төлеуге жұмсады. Бұл қаржы компанияның былтыр жұмсалмаған табысынан алынып отыр.
Қазақстан қор биржасындағы ақпаратқа сәйкес, мұндай шешім акционерлердің кезектен тыс отырысында қабылданған. Акциялар бойынша дивиденд оны алуға құқы бар инвесторлардың тізімі бекітілген күннен кейін бір ай ішінде беріледі.
Инвесторларға былтырғы пайданы бөліп беру туралы компания өкілдері бұған дейін тамызда хабарлаған еді.