Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Шара мақсаты шымкенттік мекеменің жұмыс методикасымен танысу, әлеуметтік мекемелердің жұмыс барысын көзбен көріп, тәжірибе алмасу.
Атыраулық топ құрамында 7 ауданының әлеуметтік сала жетекшілері бар. Оларға қаламыздағы әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтарға арналған орталықтарды таныстырды. Соның бірі зейнеткерлерге қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір» орталығы. Онда қазір 800-ге жуық қарияға медициналық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар №4 балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына және «Бақытты жанұя» мен «Тең қоғам» мекемелерін де аралады.
Шара барысында қос тарап аймақтардағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саладағы әдістемелер туралы өзара пікір алмасты.