Жыл басынан бері бизнеске заңсыз араласқан 65 лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Жалпы жыл басынан бері бизнеске заңсыз араласқан 72 факт анықталып, 165 сотқа дейінгі тергеу басталды. Бизнеске кедергі келтірген 112 лауазымды адам әшкереленіп, оның 65-і сотталды.
Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты: орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған, рұқсат құжаттарын берген және басқа да заңсыз әрекеттер жасаған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, бизнеске қатысты мыңнан астам тергеу тоқтатылды. Яғни, кәсіпкерлер тергеу кабинеттеріне сабылып, іс-шараларға қатысып, артық уақыт кетірмеді.
Болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және қолдайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алу кезінде жеңілдіктер, преференциялар, шартты жеңілдіктер және басқа да қолдау шаралары енгізіледі.