Кәсіпкерлердің мүлкін заңсыз тартып алғандарға жаза күшейеді

26
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар жоқ емес

Қазақстанда кәсіпкерлердің мүлкін заңсыз тартып алғандарға жаза күшейеді. Ол үшін кәсіпкерлікті қорғау заңын жетілдіру жұмыстары жүруде. Астанада өткен адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында кәсіпкерлер құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелері кәсіпкерлер бизнесті дамытып қана қоймай, адам құқықтарының сақталуын да жауапкершілікке алу қажет дейді. Әсіресе,еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтау маңызды. Өйткені, елімізде жыл сайын бизнес нысандарында мыңдаған жұмысшының құқықтары бұзылады.

Тастемір Әбішов, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы: «Әсіресе рейдерлік жолмен тартып алатын адамдардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту, екіншіден кәсіпкерлердің барлық санаттары ҚР еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау заңнамасын саудау оны одан әрі жетілдіріу мәселесі жан-жақты қарастырылады».