Қыз ұзату тойында отшашудың орнына атыс қаруын қолданған

38

Үшінші мегаполисте өткен тойда полиция қызметкерлері екі автомат тәркіледі, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Қыз ұзату тойында аспанға отшашу атудың орнына атыс қаруын қолдануды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат жедел уәкілдерге түскен. Тәртіп сақшылары тойға келген қонақ роліне еніп, тәртіп бұзушыларды ұстады.

Жедел ақпарат дұрыс болып шықты: сағат 00.00 шамасында 2 жергілікті тұрғын жас жұбайларды аспанға оқ атып шығарып салған. Тәртіп бұзғандар сол жерде ұсталды.

«Оқиға орнында олар нөмірлері өшірілген «АКСУ-47» жауынгерлік автоматы мен  АК-74 автоматын тәркіледі. Оқиға орнын тексеру кезінде сот-медициналық сараптама мамандары жиырмаға жуық снарядтар тәркіледі. Заңсыз қару сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция басқармасынан.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.