Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады.
Туристерге қызмет көрсету взводының қызметкерлері полиция аға лейтенанттары А.Кулбаева мен Д.Есенгельдиева жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушіні анықтады.
Аталған жайт бойынша құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкенттік полицейлер жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқару жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.