Шымкент прокуратурасы әлеуметік төлемдердің заңсыз тағайындалуына сеп болған тұрғынды анықтады. Прокуратура ақпаратына қарағанда, күдікті жеке кәсіпкерлердің электронды цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған. Сол арқылы жөргекпұл, бала жәрдемақысын қолдан көтерген.
Берік Құрбанов, Шымкент қалалық прокуратурасының басқарма прокуроры: «Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келтірілген»
Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабымен іс қылмыстық қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Дилара Иса






