Түркістандағы «Эко базарда” ауқымды жәрмеңке өтті. Онда демалыс күндері облысымыздағы ауыл шарушылық өнімдері сатылымға шығарылды.
Бұл жолы жәрмеңкеге Созақ, Кентау, Қазығұрт, Сауран аудандары қатысты. Мұнда 4 ауданнан 68 тонна көлемінде өнім жиналған. Экобазарда азық-түлік базар бағасынан 10-15% төмен бағада саудаланды.
Сонымен қатар жәрмеңкеге Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан 10 тонна көлемінде өнім әкелді. Оның ішінде күнбағыс майы, сәбіз, құмшекер, тұз, макарон сынды күнделікті тұрмыстық азық түрлері бар.
Айта кетейік «Эко базар» осы жылы наурыз айында халық игілігіне берілген еді.