VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі іс-шарасы өтті

81

27 қазан офлайн форматта Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі іс-шарасы өтті. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕКСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ұйымдастырды. Ал жоба 28 қазан – 5 қараша аралығында zoom платформасында онлайн түрде өтеді.

Күзгі PR мектебіне БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары мен Ауғаныстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Имен елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Білікті мамандардың дәрістері жоғарғы деңгейде өтті.

Шараны Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантаев ашты. Күзгі мектеп қонақтары, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, Миддл Теннеси мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Зени Сарабиа-Панол, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі Мукашева Мәншүк аталмыш шараның маңыздылығын атап, ақпараттық және медиасауат саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әсіресе жастарға қажет екендігіне тоқталды.
Күзгі мектепке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, AlmaU (Алматы менеджмент) университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқушылары т.б. қатысты.

Алғашқы дәрісті «PR-шы» клубының вице-президенті, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның PR менеджері Айбар Олжай бастады. Қызықты, танымдық ақпарат пен кәсіби біліктілік аудиторияны баурап алды. Интерньюс-Қазақстан өкілі, педагог, медиасыншы Бэлла Орынбетова подкаст жанрын жан-жақты талдап, аудиторияға практикалық мол мәліметтер берді. Продюсер, тележүргізуші Анна Данченко өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға қызмет барысында кездескен көптеген қызық жайттарды әңгімелей отырып, телевидениенің қыр-сырына қанықтырды. «Сектор X» радиосының директоры Сәуле Алпысова радиожурналиске тән шеберліктің әдіс-тәсілдерін әңгімелесе, веб редактор Алма Кенжебекованың дәрісі де ерекшелігімен аудиторияны баурап алды. «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығының өкілі, журналист-фактчекер, медиа-тренер Жансерiк Тілеухан ақпарат қауіпсіздігіне тоқталып, жалған ақпаратты анықтап, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті. Білікті мамандардың ұтымды кейстері аудиторияға қызықты болды. Мұндай іс-шараларды өткізу журналистиканың жаңа мүмкіндіктеріне, басым бағыттарына ықпалын тигізері мол.
КазҰУ-да дәрістермен жүрген шетелдік оқытушы профессор іс шараның ауқымдылығына тәнті болды. VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі өткен шара шәкірттердің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушылары Кутпанбаева Ж.Б, Жетпісбаева М.С.