«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мақұлданды

41

Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын мақұлдады. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, ауқымды бағдарлама үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толық шешуі тиіс.

Осы мақсатта 2025 жылға дейін 400-ден аса мектеп салынбақ. Ол үшін бюджеттен 2 трилион 600 миллиард теңге қарастырылмақ. Әрі құрылысқа, жемқорлардан өндірілген ақша да жұмсалады, дейді министр.

Айтуынша, соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллионға артып, 3,5 млн-ға жеткен. 800 мыңнан аса оқушы үшін қазір орын тапшы. Мәселені шешу үшін салынатын жайлы мектептердің қазіргі білім ордаларынан айырмашылығы көп.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі: «Қазір салынатын мектептер ауылда да қалада да бірыңғай стандартпен салынатын болады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратын жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, өз әжетханалары, өз спортзалдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Бейнебақылау, дыбыстық дабыл секілді қауіпсіздікті қарастырдық».