1,5 млн. гектар жер мемлекетке қайтарылды

38

Прокурорлар 1,5 млн. гектар жерді мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Жер саласындағы заңдылықты сақтау жөніндегі алқа отырысында бас прокурор Берік Асылов айтты.

Айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қоғамдық жайылымдардың 29 млн гектар тапшылығы 8 млн гектарға дейін қысқартылған. 56 қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде 9 кінәлі адам сотталған.

Сондай-ақ бас прокурор бюджет қаражатын жымқыру және жоғары бағамен сапасыз медициналық техниканы сатып алу фактілері анықталғанын атап өтті. Мысалы, Ақтөбе облысының медициналық орталығы жедел жәрдем көлігін 4 есе артық бағамен сатып алған.

Осындай схемалар Алматы қаласында, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, БҚО, Жамбыл және Павлодар облыстарында ашылған. Сотқа дейінгі 15 тергеп-тексеру басталды, 405 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.