Бас санитариялық дәрігер мерекемен құттықтады

29

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

 

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. Бұл күн біздің елімізге екі қырымен белгілі: біріншісі – желтоқсанда ел қамы үшін алаңға шыққан азаматтардың көз жасы, қаны мен жанын бергені болса, екіншісі – осы ерен ерліктің еш кетпей, еліміздің тәуелсіздік алуы. Сондықтан да біз бұл күні өкініш пен қуаныш деген қос сезімді қатар өткереміз.

Еліміздің тәуелсіздік алуы – ата-бабамыздың көптен күткен арманы еді. Ол күнге де жетіп, еліміз одан әрі дамып, өркендеп келеді. Қазақстан Республикасының атауы әлем деңгейінде аталып, талай олимпиадаларда Республикамыз үздік орындарға ие болып жүргеніне барлығымыз куәміз. Еліміздің экономикалық және саяси жағдайы жақсарып, азаматтарымыз бүгінде өз ойын ашық айта алатын заман орнады. Мұның барлығының бастауы – 16 желтоқсан.

Барлығыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бастарыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Құрметпен,

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы