Бензинді ел аумағынан шығаруға салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылмақ

34

«Ашық НҚА» порталында бензин мен бірқатар жанармай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салу туралы бірлескен бұйрықтың мерзімін ұзартуды көздейтін құжаттың  жобасы талқылануда.

«Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілеттік ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынның реактивті өнеркәсіптік өндіріске (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — деп жазылған бұйрық жобасында.

Құжат 3 қаңтарға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.