Өзгенің телефонын сұрап, несие рәсімдеп жүрген азамат ұсталды

46

Өзгенің атынан несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған азамат ұсталды. Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, атынан белгісіз біреу несие алып, 900 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, іздестіру барысында күдікті анықталды. Ол жолаушы ретінде көлікке отырып, көлік иелерінің телефонын сөйлесу мақсатында алдап алып, несие рәсімдгені белгілі болды.

Күдікті жігіттің бұдан басқа алаяқтықтың 5 жайтына қатысы бары расталды. Жәбірленушілерге 6 миллион теңге шығын келген. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.