Шымкент әкімі жылу қазандықтарының жұмысын тексерді

167

Аймақ басшысы Мұрат Әйтенов қаладағы жылу қазандықтарының жұмысын тексерді. Мегаполистің бас коммуналдық мекемесінің өкілдері қазір еш қиындық жоқ, желілер жұмыс істеп тұр, яғни жылу қалыпты режимде беріледі деп сендірді. Шаһар басшысы қаланың басым бөлігіне көгілдір отын жеткізіп отырған АГРС 3 мекемесінде де болды.

Бұл қазандық Шымкенттің бірнеше ауданына қызмет көрсетеді. Жазда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлердің айтуынша, бүгінде қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр және жылу берудің температурасы белгіленген нормаға сәйкес келеді.

Әбдісаттар Апетанов, қазандық басшысы: «Бізде төрт желілік сорғы бар, қазір үшеуі жұмыс істеп тұр, біреуі резервте. Жылыту жүйесінің макияж сорғыларының міндеті басқа. Олар аз ағынмен көбірек қысымды қамтамасыз етуі керек. Алты макияж сорғысының бізде қазір тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр, қалған бесеуі резервте».

Жылу қазандықтарының жұмысын Шымкент әкімі өзі тексерді. Бұл қазандық автоматтандырылған және ондаған шағынауданға қызмет көрсетеді. Жаңа технология- қазандықтардың жылу жүктемелерін автоматты түрде теңестіру есебінен олардың максималды энергия тиімділігін қамтамасыз етеді

Жауаптылар шымкентітктерден жылу қазандықтарында немесе газбен қамтамасыз ету барысында қиындықтар туындаса байланыс орталығына хабарласуды сұрайды. Тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметке, яғни «109» нөміріне қалалық телефон арқылы хабарласуға болады