Түркістан облысында коронавирус инфекциясына қарсы шаралар пысықталды

15

Түркістанда соңғы 1 апта ішінде инфекцияны жұқтырудың 20 жағдайы тіркелді. Сондықтан қауіпті індеттің таралуының алдын алу шаралары бойынша брифинг өткізілді.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов “Қазіргі таңда әлем бойынша COVID-19 індеті қайта өрши бастады. Бұл пандемия қаупі біздің елімізде де әлі сейілген жоқтығын” айтады.

Облыс бойынша індетке қарсы сақтақ шаралары жасалған. Нақтырақ айтқанда қорда 150 415 дана бір реттік қолданылатын қорғаныш киімі, 3 416 363 дана медициналық қолғап бар. Сонымен қатар қорғаныш бетпердесінің саны 2 млн-нан асады. Ал дәрігерлерге арналған 247 270 төрт қабатты хирургиялық бетперде мен респиратор бар.