Түркістандық полицейлер көлігі жол жиегіне шығып кеткен азаматқа көмектесті

40

Түркістан облысының полицейлері жол жиегіне шығып кеткен көлікті шығарып, алғыс арқалады. Қалың қар жаууына байланысты, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 743 шықырымында «Ауди 100» маркалы автокөлік жол жиегіне шығып кеткен.

Патрульдеу бағыты бойынша қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы полиция қызметкерлері байқап, бірден жедел әрекетке көшті. Айта кетейік, қолайсыз ауа райында азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы ПД-нің тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.​​​​​​​​​​​

Осы тұста полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.