Туыс келіні 750 мың теңгелік тонды ұрлап кеткен…

44

Туысының бағалы тонын ұрлаған әйел ұсталды. Түлкібас аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, үйінде тұрған 750 мың теңгелік сырт киімін әлдебіреу қолды еткен.

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері іздестіру нәтижесінде, күдікті жәбірленушінің туыс келіні екенін анықтады. Белгілі болғандай, әйел ақша қажет болғандықтан ішікті ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген.

Сапар Жүніс, Түлкібас АПБ-ның анықтаушысы:

«Ақпарат алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Жедел-тергеу тобы құрылып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде».