3 тәулік ішінде газдан уланып 3 адам қайтыс болды

81

Шымкентте 3 тәулік ішінде газдан уланып 3 адам қайтыс болды. Оқиғаның алғашқысы 13 қаңтар күні кешке Спорт мөлтекауданындағы пәтерлердің бірінде болған. 4-конфорлы газ плита мен су ысытқыш құрылғысын арнайы жабдықталмаған бөлмеге орнату салдарынан 1967 жылғы әйел мен оның 2003 жылғы баласы көз жұмды. Ал 15 қаңтарда түнгі 1:00 шамасында жедел-жәрдем қызметіне 1991 жылы туылған әйел адамның газдан уланғанып қалғаны туралы хабар түскен.

Елдар Қуандықов, «ҚазТрансГаз» өндірістік филиалы бөлім басшысының орынбасары:
«Аталған мекен-жайды зерделеу жұмыстарын атқару барысында арнайы жабдықталмаған лоджияға 4 камфорлы газ плитасы мен су ысыту қондырғысы орнатылғаны анықталды. Су ысыту қондырғысы бір метр тысқа шығарылып, бір метр биіктікке көтерілген. Самал-3 мөлтек ауданы бойынша жедел-жәрдем қызметкерлері хабарласқан. 1991 жылы туылған әйел кісінің мәйіті табылды деген. Аталған жерді зерделеу барысында жуыну бөлмесінде жылыту қазандығы және су ысыту құрылғысы мұржаға тікелей жалғанбаған, яғни 5 см қосылмай осының салдарынан орын алды деген болжам бар».

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, өткен жылы газбен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан 6 адам қаза тапқан. Мамандар, мұндай фактілердің басым бөлігі газ құралдарын дұрыс орнатпау салдарынан орыналып жатқанын айтады. Қазіргі таңда оқиға орын алған пәтер мен үйлер көгілдір отыннан толық ажыратылған. Толық тексеруден соң тұрғындарға газ қайта беріле бастайды.

Айта кетейік, мамандар газ қондырғыларын қолдану ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Сондай-ақ мұржа мен желдеткіш арналары, терезе және ауа ағымының үнемі болуы қажет. Ал ұйықтайтын және жуыну бөлмелерінде газ қондырығысын орнатуға тиым салынады.