Қазақстанда әрбір бесінші адам интернет арқылы сауда жасайды. Статистика бюросының мәліметінше, елде былтыр 4 млрдқа жуық онлайн транзакция жүргізілген. Азаматтар интернет арқылы 59 трлн теңге төлем жасаған.
Тұрғындар көбіне киім, аяқ киім мен спорттық тауарларды онлайн сатып алған. Одан кейін азық-түлік тауарларына тапсырыс беретіндер көп. Яғни 48 пайыздан асады. Қазір электрондық сауда да дәрі-дәрмекке дейін сатып алатындар бар. Қазір технологияда интернеттегі саудаға күн сайын сұраныс артып жатыр. Әсіресе, пандемия бұл үдерісті одан әрі жеделдете түсті.