Биыл “Ауыл — ел бесігі” жобасына 143 млрд. теңге бөлінген

36

Еліміз бойынша 6 293 ауылдық елді мекен бар. Онда 7,8 млн халық қоныстанған.

Осы елді мекендерді дамыту үшін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы іске қосылген еді. Қазір әлеуеті жоғары деп танылған 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды. 2019-2022 жылдары 326 млрд теңгеге 3,7 мың жоба іске асырылды.

Ал биыл 736 ауылда 143 млрд теңге бөлінді. Осы жылы 1,5 мың жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама негізінде «2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады”- дейді Премьер-Министр.