Кім депутат бола алады?

149
Сайлау

Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну бүгін, 20 қаңтарда басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

Ол мәжіліс 98 депутаттан тұратынын атап өтті. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:

Қазақстан азаматы болуы;

соңғы он жылда Қазақстан аумағында тұруы;
кем дегенде 25 жаста.
Мына адамдар депутат бола алмайды:

сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған;

сотталғандығы өтелмеген немесе алынып тасталмаған;
сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.