Шымкентте интернет алаяқтық дерегі 48 пайызға жоғарылаған. Ғаламтор арқылы алданғандардың басым бөлігі жұмыссыздар. Шымкентте прокуратура мамандары сондай алаяқтардың жұмыс схемасын анықтап, күдіктілерді қамауға алған. Халықтың тонаған техник мамандар тіпті ұрлаған ақшасын шетел асырып үлгерген.
Шымкентте 3500 алаяқтық фактісі анықталды. Оның 27 пайызы интернет арқылы жасалған. Прокуратураның мәліметінше, интернет-алаяқтар қала тұрғындарына 1 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Көбінесе олар өз құрбандарын телефон нөмірі немесе әлеуметтік желі арқылы тапқан. Қазір күдіктілер анықталып, қамауға алынды.
Арманжан Қыпшақбай, Шымкент қалалық прокуратурасының аға прокуроры: «Қазіргі таңда 4 іс тергеліп жатыр. Оның ішінде шымкенттік және басқа да облыстардың адамы бар. Түрлі ақпарат құралдарын жақсы меңгерген мамандар жиналып бірлесіп қылмыс жасаған. Әрқайсысында 50-60 жәбірленушіден бар. 1 күдіктіге іздеу жариялап Ресейден тауып алдырттық. Алған ақшасын бізді жаңылдыру үшін 30 картачкаға аударып шетелде шешіп алғын».
Алаяққа алдану дерегінің басым бөлігі мегаполистегі Абай, Қаратау және Еңбекші аудандарында тіркелген. Мамандардың айтуынша бұл салаға әбден машыққан ғаламтор ұрылары, адамдардың мәліметін жұмыс іздеу сайттарынан алған. Себебі жұмыссыз тұрғындар еш күмәнсіз өз мәліметтерін ашық порталдарға жүктейді. Мамандардың сөзінше сол жердегі ақпарат интернет арқылы алдап ақшасын иемденіп кетуге жеткілікті көрінеді.
Арманжан Қыпшақбай, Шымкент қалалық прокуратурасының аға прокуроры: «Құрбандарға тоқталатын болсақ, көбіне 20 мен 30 жас аралығындағы жастар. Биыл 2435 адам алданды бұл өткен жылман салыстырғанда 48 пайызға жоғары».
Телефон арқылы алаяқтықпен айналысатындардың схемасы бір. Алдымен қандай да бір орган қызметкері ретінде қоңырау шалады. Артынан банктен «сіздің қаражатыңыз ұрлануы мүмкін» деп мамандар хабарласады. Оған сенген аңғал халық бар ақшасынан айрылып қалады. Мұндай қылмыстарды азайту үшін прокуратура әкімдікке жаңа жоба ұсыныпты. Ол жүзеге асса мегаполисте алаяқтық фактісіне қатсты қылмыстар саны азаймақ.