Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Күн суыту жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіріп, дамылсыз соққан жел жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салып жатыр.
Облыстық маңызы бар 4 жол жабық:
1. Созақ ауданы облыстық автожол КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» учаскесі «Шаян-Шолаққорған» 237 шақырымнан 260 шақырымға дейін.
2. Сауран және Созақ ауданы, аудандық маңызы бар КХ-56 «Жамбул облысының шекарасы Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-КХ-190» жолы 40 шақырымнан 124 шақырымға дейін (жол Шолаққорған ауылынан Ащысай ауылына дейін жабық).
3. Бәйдібек ауданы, аудандық маңызы бар КХ-1 автожолы «Жамбул облысы шекарасы Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік-КХ-1» 0 км-ден 65 км-ге дейін.
4. Төлеби ауданы, аудандық маңызы бар Х-28 «Көксәйек-Нысанбек Х-28» 0 км-ден 10 км-ге дейін.
1 республикалық маңызы бар «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» 593 – 652 (Жамбыл облысы қ. – Машат ауылы) жол жабылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі осыған байланысты облыс тұрғындарын аса қажет болмаса жолға шықпауға шақырады. Шыққан жағдайда көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен шығуды, көлікте қосымша сыртқы киімдер, азық-түлік алуды ұсынады.
Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмау керек.
Полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға кеңес береді.