Ұлттық статистика бюросы: Тауарлардың бағасы өсті

32
фото Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда  тауарлардың  бағасы тағы өсті.

Өткен жылдың соңғы айында қияр 35,6%-ке, қызанақ 14,6%-ке, тәтті бұрыш 8,4%-ке, пияз 7,9%-ке, қызылша 3,8%-ке қымбаттады. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде техниканың бағасы айтарлықтай өсті. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай мен Жамбыл облыстарында тіркелді, әрқайсысында 1,9 процент. Бұл орташа деңгейден 0,7 процентке артық болып тұр.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан (1,8%), Түркістан (1,6%), Атырау (1,5%), Солтүстік Қазақстан (1,4%) пен Жетісу (1,4) баға жоғары, ла ең төмен бағалар Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында (0,7%) тіркелген. Бұдан бөлек, азық-түлікке жатпайтын тауарлар да қымбаттап отыр. Мәселен, 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%-ке, планшет – 6,3%-ке, электрлі жылытқыштар – 6,1%-ке, ноутбук – 3,7%-ке, сондай-ақ, ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%-ке, кір жуғыш ұнтақтікі 4%-ке қымбаттады.

Ал құмшекер (3,8%) мен лимон (0,9%) арзандады. Дегенмен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 20,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ке, ақылы қызметтер 14,1%-ке өсті. 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%-ке, кір сабын 87,6%-ке, кеңсе тауарлары 70,3%-ке қымбаттады.