Жаңа жыл түнінде елімізде 240 сәби дүниеге келді

40

Жаңа жыл түнінде Қазақстан перзентханаларында 240 сәби, нақтырақ айтқанда 125 ұл және 115 қыз дүниеге келді. Оның ішінде бір жұп егіздер де бар.

Мереке түнінде туған нәрестелердің басым бөлігі Түркістан облысында туылған. Онда  44 бала дүние есігін ашты. Ал екінші орында – Атырау облысы, онда 29 бала туылса, Алматыда 28 отбасы тағы бір сәбимен толықты.

Ал ел астанасында 17 бала дүниеге келді.