Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілмек

32
Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін мәлімдеді.

«2024 жылдан бастап жас салымшыларды зейнетақымен қамсыздандырудың шартты-жинақтаушы жүйесін қалыптастыру үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі», — деді Дүйсенова еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасады.
«Биыл қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табысының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21%-ке дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі, бұл былтырғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді», — деді ол.
Айтуынша, дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізіледі. Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-іне дейін жеткізіледі.
Бұдан бөлек, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында салымшыларға өз зейнетақы жинағының 50%-ін жеке басқаруға беру құқығы қарастырылады.