Банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурыздан басталады

65
фото Информ

Банкорттыққа өтініш қабылдау 3 наурыздан басталады. Қаржы вцие-министрі Ержан Біржанов елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі барын айтты.

Қарыз сомасы: 1 триллион 100 миллиард теңге. Алайда барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін. Өйткені, «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Оған қоса, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.

Сонымен бірге, азаматтың банкроттықтан кейін үш жыл бойы қаржылық жағдайы тексеріліп отырады. Бұдан бөлек, банкроттық бюджетке де кері әсерін тигізеді,- деді ведомство өкілі.