Екі сәбиді сатқан күдікті әйел ұсталды

36
фото Бақ.кз

Сәби саудасына тоқтам болар емес. Аз ғана ақшаға өзегін жарып шыққан баласын сатып жіберген тасжүректердің бірі ұсталды.

Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Оның 2021 және 2022 жылы туған балаларын сатып жібергенін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.