Jusan тобының активтерін басқару Қазақстанның құзырына қайтарылады

24
фото Массагет.кз

Jusan тобының активтерін басқару Қазақстанның құзырына қайтарылады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Алматы соты Jusan Bank-тің және онымен байланысты бірқатар ұйымдардың активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану бойынша азаматтық іс қозғады.

Былтыр Президент тапсырмасымен елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғаны белгілі. Сол кезден бастап Бас прокуратура капиталды жымқыру мен сыртқа шығару фактілерін анықтау үшін банк секторында талдау жүргізді.

Оның барысында Jusan тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталған. Дегенмен, аталған талап-арыз Jusan Bank-тің жұмысына әсер етпейді дейді,-қаржы ұйымының өкілдері.