«Көлік ұттыңыз деп» 8 миллион теңгеден астам ақша алған алаяқтар ұсталды

59
фото 7 күн.кз

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылы болған алаяқтық қылмысын ашып, қызылордалық күдіктілерді қолға түсірді.

Нақтырақ айтсақ, полицияға арызданушы әйел 2022 жылдың шілде айында ұялы телефонына «өзін компания қызметкерімін» деп таныстырған белгісіз біреу, «KIA K5» маркалы автокөлік ұттыңыз деп айтып, сендіргенін жеткізді.
Содан алаяқ тұрғыннан жаңа көлікті иемдену үшін ақша сұраған. Ал алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші оған 8 миллион теңгеден астам ақша берген. Аталған жайт Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеуге алынды.
Хабар алысымен қылмыскерлерді құрықтауда полицейлер іске кірісті. Іздестіру шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар сезіктілердің жеке басы анықталды. Олар жұмыссыз Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.
Анықталғандай, күдікті жас жігіттер достарының банктік есепшотын иесіне білдірмей қолданған. Содан алдау жолымен алған ақшаны аталмыш есепшотқа аудартып, пайдаланған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауда.