Көлікке VIP нөмір алуға шамамен 6 миллиард теңге жұмсалған

41

Қазақстандықтар көлігіне VIP нөмір алуға шамамен 6 миллиард теңге жұмсайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

Былтыр арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жоғары сұраныстағы жиырма мыңнан астам мемлекеттік нөмір сатылған.Оның ішінде ең қымбаты: 001-ден 009-ға дейінгі және 777 нөмірі. Бұлардың әрқайсысы 1 миллион теңгедей тұрады. VIP-нөмірлерге сұраныс көбіне Алматы тұрғындарынан түскен.