Мәдениет саласында 23 қылмыс тіркелген

37

Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 116 қылмыс, оның 23-і мәдениет саласында тіркелген. Мұндай статистиканы Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мәдениет ұйымдарының басшыларымен кездесуде хабарлады.

Қала әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, театрлар, кітапханалар, мәдениет үйі, сондай-ақ басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылығы қатысты.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шаралар талқыланды.

Қалалық Антикор өкілдерінің айтуынша мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады.

Мәселен, кездесуде мәдениет басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер бойынша алаяқтық, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ысырап ету және салғырттық фактілері бойынша енгізілген ҚПК-нің 200-бабы тәртібіндегі екі ұсыныс қаралды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар және жергілікті атқарушы органдардағы жемқорлықтың жай-күйі айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын кеңінен қолдануға ерекше назар аударылды.