ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «7-20-25» бағдарламасы туралы айтты.
“2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрды. Болашақта тағы 2 бағдарлама аяқталады деп күтілуде, олар «7-20-25» бағдарламасы және импортты алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы». Алайда түрлі жағдайлар ескеріліп бағдарлама 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейді”, – делінген Ғалымжан Пірматовтың жауабында.
Банктің хабарлауынша, мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғаспақ.
Жалпы, Ұлттық банк болашақта мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үлесін төмендетпек.