Шымкентте автобус екі адамды қағып кетті

40

Шымкентте қоғамдық автобус екі адамды қағып кетті. Оқыс оқиға 10 ақпан күні таңғы сағат 09:30 шамасында Уәлиханов көшесінде орын алған.

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 35 жастағы әйел адам мен 7 жастағы қызын нөмірі 37 бағыттағы автобус соққан. Абырой болғанда, жәбірленушердің екеуі де дін аман. Алайда соққыдан жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір үйіне жіберілді.

Әбдібек Үкібаев, қоғамдық көлік компаниясының өкілі:
«Номер 37 бағыттағы автобус жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатып, Уәлиханов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолғаныда адам қағып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргіншіні байқап шұғыл тежегішті басқан. Бірақ, жолдың мұз-тайғақ болуына байланысты автобус тоқтай алмаған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Медициналық қорытынды бойынша оның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген».