Түркістандық спортшылар құсбегіліктен ҚР чемпионатында бас жүлдені иеленді

90

Жуырда Талдықорған қаласында жастар арасында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты аяқталды.

Әсем табиғат аясында өткен сайысқа 70-тен аса құсбегі бас қосты. Қолдарына қыран бүркіт, қаршыға мен ителгі қондырған республиканың әр аймағындағы Жасөспірімдер мен балалардың спорт мектептерінің оқушылары үш күн бойы сайыстың көрігін қыздырды.
Ұлттық спортты ұлықтаған бұл дүбірлі додаға Түркістан облысынан 8 спортшы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ ителгі салу сайысынан Салтанат Мусалим бас жүлдені жеңіп алды. Ал, тағы бір талантты спортшы Паң Төлемырза құсбегілік спорт түрінен қола жүлдені иеленді.
Сонымен қатар, қаршыға салу сайысында Паң Төлемырза күміс жүлдегер атанса, Намазбай Мұхаммед қола жүлдені еншіледі. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы бас жүлдені иеленді.