Түркістанда халықаралық талапқа сай алғашқы мұз сарайы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын «Integra Construction» ЖШС жүргізуде.
Жаңа нысан 1200 орынға шақталған. Қазір мұз айдынының жер асты бетонын құю, шатыр жабу жұмысы толық аяқталды. Ішкі әрлеу жұмыстарының 90%-ы бітті. Ал мекемеге қажетті құрал-жабдықтардың 85%-ы әкелінген. Мұз айдынының көлемі 30×60 метрді құрайды.
Онда шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, балалар арасында шорт-трек қысты спорт түрлеріне мүмкіндік жасалған.