Ең үздік жоба 4 мың долларға дейін грант алады. Жарыста ауыл шаруашылығына қатысты бастамаларға басымдық беріледі.
Қаржылай қолдау, жеке компаниялар есебінен жүргізіледі және ол негізінен ауылдағы іскер әйелдерге арналған. Бизнес жобаларды биыл қазанның 11-не дейін ұсынуға болады. Жалпы конкурс 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған қатысушылар онлайн-мектепте арнайы курстан өтуі тиіс.
Оқу бағдарламасы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің сайтына шығарылған. Биыл іскер әйелдер жаңа 6 аграрлық бағыттағы бағдарламаны меңгере алады. Конкурс жеңімпаздарын, қарашада өтетін, ауыл әйелдері форумында жариялайды.