Коронавирустық инфекциядан сақтаныңыздар!

13
фото Бақ.кз

           Шымкент қаласында халық арасында коронавирустық инфекция әлі де болса тіркелуде. Сондықтан, барлық тұрғындар мен қонақтарға аурудан сақтану үшін:
– жеке бас гигиенасын, оның ішінде қол гигиенасын сақтау (қолды сабынмен жуу және қолды дезинфекциялауға арналған құралдарды пайдалану, әсіресе жөтел, түшкіру кезінде;  көзге, мұрынға және бетке лас қолмен тиюден барынша аулақ болу);

– бетперде тағу;
– 1,5 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтау;
– адамдар көп жиналатын орындарға барудан сақтану ұсынылады.

COVID-19 инфекциясы науқаспен байланыста болғанда, түшкіру және жөтелу кезінде тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы, ауа арқылы және науқастың ыдыстары мен жеке заттарын пайдалану арқылы беріледі.

Аурудың негізгі белгілері – қызба, жөтел, құсу, ентігу және диарея. Кейбір адамдарда сырқат ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына, тіпті кей жағдайларда өлім салдарына әкелуі мүмкін.

МАҢЫЗДЫ!
Егер суық тию көріністері пайда болғанын байқасаңыз, тез арада дәрігерді үйге шақыртып, көрінген жөн. Ауруды ерте кезеңінде анықтап, тез арада емдеу шараларын бастау өте маңызды.
Бұл вирусты аурумен егде жастағы және адам ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдардың ауыру ықтималдығы жоғары.
Аурудың алдын алу шаралары:
– иммунитетті көтеру (витаминдер, көкөністер мен жемістерді пайдалану);
– дұрыс және тиімді тамақтану;
– 8 сағат толық ұйықтау;
– дене шынықтыру және тыныс алу гимнастикасымен айналысу;
– вакцинация, әр 6 айда ревакцинация мен қайта ревакцинация алу.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз!

 А. Тұрымбетова,

Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары