«Отбасылық кикілжің себеп»: Ер адам өзіне қол жұмсамақ болған

56

Түркістандық полицейлер көпірден секірмекші болған азаматты құтқарып қалды. Оқиға сағат 23:30 шамасында «Алматы-Термез» тас жолында болған. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды көрген Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған азаматты аман алып қалуға қажетті шараларды жасады.

Қос полицей көпірге ілініп тұрған тұрғынның екі қолынан күш салып тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына, масаң күйде болуы мен отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Сондай-ақ көпбалалы әке теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайға жеткізбейтінін айтты.