Өзін «банкрот» деп тануға өтініш бергендердің арасында Түркістан облысы көш басында

59
фото Астана.тв

2,5 мыңға жуық қазақстандық өзін «банкрот» деп тануға өтініш берді. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді.

Ең көбі — Түркістан облысының тұрғындары. Өңірден 289 адам арыз тастаған. Одан кейін Алматыдан 238, Алматы облысынан да 238 адам өзін «банкрот» деп жариялағысы келеді. Н

есие қарызынан құтылғысы келетіндерден өтініш қабылдау әлі жүріп жатыр. Өтінішті «eGov.kz» порталы, «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына барып бере алады. Бүгінде банкке қарызын төлей алмай жүрген 1 миллион 180 мың қазақстандық бар. Олардың жалпы берешегі 1 триллион 100 миллиард теңгеден асады.

Еске салайық «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Сондай-ақ, оның қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі. Бұдан бөлек, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.