Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 15,13 трлн. теңге

29

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 204,4 млрд. теңгеден асты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. 2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша салымшылардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 15,13 трлн теңге болды.

2014 жылдан (барлық зейнетақы активін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісі аяқталған) бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 7,13 трлн теңгені құрады.
Зейнетақы активтерінің портфелін таңдалған қаржы құралдары, экономика салалары мен валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.
«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған кезеңнен (1998 жыл) 2023 жылдың 1 наурызына дейін жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдік бар.
Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.