Салықтың мөлшері өзгереді

53
фото Закон

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығына қатысты мөлшерлемелерді әртараптандыруды ұсынды.

Мемлекет басшысының айтуынша, салық саясатының жаңа моделі ұлттық байлықты тиімді бөлуді, экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейі мен экономиканың басым бағыттарын нақты қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Ал салық кодексі және тұтас салық саясаты түсінікті, тұрақты болуы қажет.
«Фискальдық органдардың бизнеспен қарым-қатынасына қатысты бүкіл процесті толық цифрландыру керек. Бұл кәсіпкерлердің тіршілігін айтарлықтай дәрежеде жеңілдетуге және бюджет кірісін жүйелі түрде ұлғайтуға септігін тигізеді. Парламентте мемлекеттік бюджетке мол кіріс әкелетін корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығына қатысты мөлшерлемелерді әртараптандыру мүмкіндігін талқылауға болар еді», – деді Тоқаев парламент палаталатының бірлескен отырысында.
Перзиденттің ойынша, ірі кәсіпорындар және шикізат экспортымен айналысатын компаниялар қазынаға көбірек төлем түсірсе, әділдік болар еді.
«Бұл әлемде бар озық тәжірибе. Қазір елдегі жағдай түбегейлі өзгерді Әділетті Қазақстан дегеніміз – жалаң ұран емес, бұл – анық ақиқат. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бұған бір ел болып түгел атсалысуымыз керек», – деп түйіндеді Тоқаев.