Қазақстанда көліктерді жалған техникалық тексерістен өткізгендерге жаза қатаңдатылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында осылай деді.
Айтуынша, қазір тиісті заңға өзгеріс енгізіліп жатыр. Енді автокөлікті қарамай, оның жабдықтарын тексермей рұқсат құжатын беру деректері ерекше бақылауда болады. Жалған куәлік алуға тырысқандар да жауапқа тартылады. Оларға айыппұл салу қарастырылған.