Көлікті техникалық тексерудің тәртібі өзгерді

354

Біріншіден, биылдан бастап жаңа көлігтерді техникалық байқаудан өткізудің қажеті жоқ. Ал негізінен, 2015 жылдың алғашқы айларында 29 мыңнан астам көлік техникалық байқаудан өтіп үлгеріпті. Мамандар осыншама куәліктің 21 мыңы (!) жалған болып шыққан деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WmqiXiBKVtc[/youtube]

Яғни, заңсыз әркеттерге жол берілген. Осындай олқылықтардың алдын алу үшін аймақтық көлік инспекциясының мамандары арнайы бағдарлама орнатуды қолға алыпты. Енді өңіріміздегі 31 байқау орталығында көлігіңіздің ахуалын бірден анықтауға мүмкіндік бар.

001

Ресейдің Самара қаласынан келген мамандар техникалық байқау өткізетін орталықтарға жаңа бағдарлама енгізісімен, бірде бір көлікке техникалық бақылаудан өткені жайлы жалған куәлік берілмейді. Көлік иелері міндетті түрде арнайы станцияларға баруға мәжбүр болады. Орталықтарда көліктердің техникалық тұрғыда жарамды немесе жарамсыздығына қорытынды автоматтандарылған түрде беріледі. Адам факторының араласуы мүлдем болмайды.

004

Мұндай қадамға аймақтық көлік инспекциясы жалған куәліктердің көбейіп кету салдарынан барып отыр. Оңтүстікте 500 мыңнан астам көлік тіркелсе, 2014 жылы соның 250 мыңы техникалық байқаудан өткен. Өкінішке орай, соның 85 пайызы жарамсыз, яғни жалған болып шыққан.

Тағы бір өзгеріс – биылдан бастап облыс орталықтарында мобильдік станциялар да жұмыс жасамайтын болады. Осылайша көлік иелері тек стацианарлық бекеттерден ғана темір тұлпарларының техникалық жағдайын анықтай алады.