Қасиетті Рамазан айында өнерлі жұп Қарақат пен Қыдырәлінің шаңырағында берілген ауызашарда секеңдеп билеген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жұрттан сөз естіді.
Бұл сәттің видеосын актер Мейірғат Амангелдиннің жары Арайлым Амангелдина Instagram парақшасындағы stories-те жариялаған. Бейнежазбадан Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың бір топ өнер адамдарының алдында белгісіз еркекпен ресейлік әнші Верка Сердючканың «Хорошо, все будет хорошо» әніне секеңдеп билегенін көруге болады.
Бейнежазбада ТікТок желісінде жарияланды. Оны көрген желі қолданушылары әзілкештің жұбайын сынның астына алды.
«Құдай сақтасын, ауызашардан соң билеген адамдарды бірінші рет көруім», «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Ұят болған екен», «Не боп бара жатыр? Енді өлген адамды жерлеген соң да осылай билейтін шығар», «Билеген жақсы, бірақ мына биі дым жараспайды», «Кішкене санасы таяздау ма?..», «Не деген сұмдық мынау? Құрысын, мынаның бәрі қуып кетті ғой. Ел алдында жүрген соң әдепті болу керек», «Анау еркек кім екен? Өліп бара жатыр ғой», «Ерсі билеп жатыр, ұят екен» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, әнші Қарақат Әбілдина биыл 45 жасқа толды. Туған күнін өз шаңырағында туыстары мен достарының арасында атап өткен ол меншікті мерекесіне орай ауызашар берді.