Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгінгі Еңбекші ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды. Жалпы аудан аумағына қазір 728 көше мен өткел тиесілі.
Былтырғы жылы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жүргізілген болатын. Сонымен қатар «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоспарға сәйкес биыл 73 көшеге асфальт төселеді.
Жалпы, қалада бүгінде 300 шақырымды құрайтын 276 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 170,8 шақырым жол қолданысқа беріледі.